Таңдаулы жаңалықтар:

Сарысулық қарияларға құрмет көрсетілді

Уақытпен жылжып Тәуелсіздік мерекесі де келіп қалды. Тәуелсіздік күнінің орны ерекше. Бұл еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Ұлыстың ұлы күні. Азаттық – ата-бабаларымыздың көптен көксеген асыл арманы еді. Сол асқақ арманға қол жетті. Кешегі қазақ жастарының өршіл мінезін танытқан Желтоқсан көтерілісі де жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды.


Елеулі күнге орай бүгін Сарысу ауданында қарияларға құрмет көрсетілді. Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет.
Осындай қасиеттерді бағалай білетін облысымыздың басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін облыс көлеміндегі бірқатар қарияларды онлайн қабылдап, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Тікелей байланыс арқылы қариялар облыс әкімінің құттықтауын есітіп, аудан әкімінің қолынан марапаттарға ие болды.
Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қариялармен кездесу барысында аудан әкімі
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының Құрмет грамотасымен Еңбек ардагері Бұхарбаева Шолпан, Алғыс хатымен Еңбек ардагерлері Пернебаев Дүйсенбек, Смайлов Серік Ақтайұлдарын марапаттады.
Облыс әкімі онлайн түрде (видео байланыс арқылы) аудандық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Жұмаділдаев Жанат пен Орымбаев Жұмаәліге облыс әкімінің құттықтау қағазы мен азық-түлік, жемістер салынған себеттерін табыстады.
«Сіздер құрметті демалыста болсаңыздар да, біздің қоғамның көшбасшысы болып қала бересіздер. Сіздер жастарға патриоттық тәрбие беруде, қаламызды дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздердің өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін таптырмас үлгі», — деді аудан басшысы кездесуде.
– Бұл деген үлкен, ірі жол. Бұрыннан ата-салтымызда келе жатқан жол үлкендерді сыйлау. Рахмет, осындай үлкен қарттарды сыйлап бізді құрметтеп, жақсылық жасап жатқандарыңызға. Жалғаса берсін әрі қарай. Табысты бола берейік бәріміз. Мемлекетіміз өркендей берсін, — деп тілек білдірісті шараға қатысқан ардагерлер.
Қарт кісіні – құт-береке деп таныса, ол ұрпақ көрегендігі. Осы орайда, біздің асыл қазынамыз – қариялар, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді.