Сарысуда жарқын жобалар жүзеге асуда

Түркістан ауылдық округі аймағынан 233 гектар алқапты алып жатқан «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС ел экономикасының дамуына үлес қоспақ. Инвестициялық жоба аясында жергілікті халықтың жағдайын жақсартумен қатар, ауданның да әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлкен серпін бермек. Аудан әкімі осы «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-де болып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты. Электр стансасының құрылысы биылғы төртінші тоқсанға қарай толығымен аяқталған соң, 40 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Жобаның құны-130 миллион АҚШ долларын құрайды. Қуаттылығы — 100 МВТ электр энергиясын өндіру. Бұл аса ауқымды жоба жүзеге асқан соң, Қазақстанда ғана емес, Орта Азиядағы желден электр қуатын өндіретін ең үлкен станса болмақ.

Жалпы жоба бойынша орнатылатын 40 жел турбинасының бүгінгі күнге 20-сы орнатылған. Сонымен қатар, әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысы аяқталған. Ендігі кезекте, қалған турбиналарды орнату барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін Қытай мемлекеті мамандарының келуі күтілуде. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 23 Қазақстан және 66 шет ел азаматы жұмыс атқаруда. Келер жылдың бірінші жарты жылдығында жобаның екінші кезеңінде «Шоқпар жел электр стансасы» жүзеге асырылмақ. Бүгінде жоба бойынша аудит жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталған соң, бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт жасалады деп күтілуде. Іргелі стансада болған да аудан әкімі Б.Жақсылықов мердігерлермен ортақ шаруа жөнінде ақылдасып, алдағы атқарылатын жұмысты пысықтады.

Іргелі жобаны жүзеге асырып жатқан инвестор былтыр аудандық орталық ауруханаға жедел-жәрдем көлігін сыйға тартып, өндірістік аймақтағы 2 мекенжайдағы тұрғын үйдің шатыры және бес пәтерге 10 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді. Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясына 19 миллион теңгеге абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға да қайырымдылық көрсетіп келеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru