Сарысуда жаңа оқу жылына жан-жақты дайындық жүргізілуде

2020-2021 оқу жылын бастауда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №340» Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің  2020 жылғы 13 тамыздағы №345  Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізетін болады.

-Былтырғы оқу жылын 8890 оқушымен аяқтаған болатынбыз. Биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылында аудандағы 27 мектептер бойынша  9212 оқушы бастайды деп жоспарланып отыр. Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесі 2 форматта өткізіледі. Дәстүрлі оқыту және қашықтықтан оқыту.  Аудандағы 27 мектептің 7195 баланы қамтитын 9 мектеп қашықтықтан оқиды, 2017 оқушымен 18 мектеп дәстүрлі форматта білім беруді бастайды. Бұл 18 мектепте бала саны 180-н аспайтын шағын жинақты мектептер,-дейді аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов.

«Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері туралы және жаңа оқу жылына дайындық аясында 19 тамыз күнгі жалпы Республикалық педагогикалық кеңес барлық 27 мектепте өткізілген. Ал  20 тамыз күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» біріңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы да онлайн түрінде болып өтті. Сондай-ақ  21 тамыз күні «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?»  тақырыбында  біріңғай  жалпы республикалық сынып сағаты оқушылармен онлайн түрінде өткізілді.

2020 жылдың 19-27 тамыз күндері аралығында «2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық пәндер бойынша секциялық отырыстары онлайн режимінде өткізілуде.

Алдағы 26 тамыз күні онлайн түрінде облыстық тамыз конференциясы болады деп күтілуде. Ал аудандық тамыз конференциясы онлайн режимінде 28 тамызда өткен.  1 қыркүйек «Білім күні»  шарасы да онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *