Сарысуда «Еңбек» бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындабүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны –2 322, оның ішінен 1 765 ауыл тұрғындары.
Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2736, атап айтқанда:
— тұрақты жұмыспен қамтылғандары — 1220 (518 Жол картасы)
— қоғамдық жұмысқа жолданғандар — 653
— Жастар практикасы — 238
— Мемлекеттік грант алғандар — 200
— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту — 144
— Әлеуметтік жұмыс орындарына- 134
— Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға — 131
— Шағын несие алғандар — 16
Есепті кезеңде 927 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны — 718 адам.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Бүгінгі күнге 131 азаматтың барлығы қысқа мерзімді оқуға жолданды. Қаралған қаржы — 39 495,0 мың теңге. 11 азамат оқуын аяқтады. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны — 5. Қалған 120 азамат оқуын жалғастыруда. Игерілгені -7 778,0 мың теңге.
«Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, жүк көлік жүргізушісі — 11 адам, тырнақ шебері — 15, дәнекерлеуші — 15, слесарь — 15.
«Эльба» ЖШС-не, аспазшы — 15 адам.
«Агрони» ЖШС-не, наубайшы -15 адам, тігінші — 15,
«Эко Блок» ЖШС-не, шаштараз — 15 адам.
«Әулие-Ата» ЖШС-не, массажист — 15 адам.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша: 2020 жылы ауылға 88 азаматқа 322 млн107 мың теңге шағын несие және қала тұрғындарына «Даму» қоры арқылы 5 адамға 32,5 млн.теңге беру жоспарланған.
Несие алуға жолдама алғандардың қатарынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 45 азамат жолдама алды. Мал шаруашылығын жандандыру мақсатында 16 адам несие алды. Игерілген қаржы -57, 400 мың теңге. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.
«Даму» акционерлік қоғамының қолдауымен 2-ші деңгейлі банктер арқылы 5 азаматтың жобасы қаралып, 2 азаматтың жобасы мақұлданған.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2020 жылы кешенді жоспар бойынша 200 адам, қаралған қаржы 106 024,0 мың тенге.
Бүгінгі күнде 200 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Игерілген қаржы 106 024,0 мың теңге.
Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2020 жылғы Әлеуметтік жұмыс орындарына – республикалық бюджет есебінен жоспар — 100 адам, қаралған қаржы 21 125,0 мың теңге. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен жолданғаны – 134 адам, игерілгені — 11 418,0 мың теңге. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 41, тұрақты жұмысқа 32 адам қамтылған.
Жастар практикасын ұйымдастыру — республикалық бюджет есебінен жоспар -279 адам, қаралған қаржы 111 342,0 мың теңге. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен жолданғаны -238 адам, игерілгені – 53 327,0 мың теңге. Жастар практикасын аяқтағандар 74, оның ішінен тұрақты жұмыспен 63 адам қамтылған.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру:Жергілікті бюджеттен жоспар – 300 адам, қаралған қаржы 86 022,0 мың теңге. Республикалық бюджеттен жоспар – 700, қаралған қаржы 238000,0 мың теңге. Жыл басынан 653 азамат жолданды. Қазіргі кезде 397 азамат жұмыс атқаруда. ЖБ игерілген қаржы – 58 402,0 мың теңге, РБ игерілгені – 62 898,0 мың теңге.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 нысан бойынша 980 жұмыс орыны белгіленіп, оның ішінде 490 жұмыскерді жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарланып 519 жұмыскер жолданды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы
Жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 653отбасының құжаттары қабылданып, оның ішінде 596 отбасыға (оның ішінде 3194 адам) тағайындалды. 60 отбасына бас тартылды (учаскелік комиссияның актісі, қорытындысы немесе күнкөріс деңгейін отбасына шаққанда кедейшілік шегінен асуына байланысты). Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 474 отбасына және шартсыз аиаулы әлеуметтік көмек 122 отбасына тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардан (шартты ақшалай көмек алушылар) белсенді шараларға 166 адам тартылды, оның ішінде :
1. Тұрақты жұмысқа — 72 адам
2. Қоғамдық жұмысқа — 46 адам
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына — 18 адам
4. Мемлекеттік грант — 27 адам
5. Жастар практикасына — 3 адам