Сарысуда 5158,0 гектар жаздық арпа орылды

21/08/20201min690

Сарысу ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің егістік алқаптарына орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі (4 а/ш есебіне сәйкес) келесідей: 3577,0 гектар күздік бидай (2019 жылы 2500,0 гектар), 5158,0 гектар жаздық арпа (2019 жылы 4587,7 гектар), 7220,0 мақсары (2019 жылы 7100,3 гектар), 1000,0 гектар дәндік жүгері (2019 жылы 985,3), 40,0 гектар картоп (2019 жылы 40,0 гектар), 230,0 гектар көкеніс (2019 жылы 224,0 гектар) дақылдары, 310,0 гектар бақша (2019 жылы 305,0 гектар) дақылдары 4650,07 гектар көпжылдық шөптер (2019 жылы 4534,8 гектар)(о.і. 932,07 гектар жаңадан себілген (2019 жылы 850,0 гектар) және 3718,0 алдыңғы жылдардағы (2019 жылы 3684,8 гектар) көпжылдық шөптер). Барлық егістік жерлерінің көлемі 22185,0 гектар (игерілуі 97,0%) (2019 жылы 20292,1 гектар, 2019 жылы 104,5%, 907,9 гектар)және 1893,0 гектар жер сүр көтеру жоспарланды. Жоспарға сәйкес 1893,0 гектар жер сүдігер көтерудің 1 кезеңі жүргізілді.

Бүгінгі күнге 5158,0 гектар жаздық арпа орылды. Әр гектардан орташа өнімділігі 20,1 центнерден өнім алынуда. Жалпы жиналған өнім көлемі 10366,0 тонна.3577,0 гектар күздік бидайдың соңғы алқабы орылу үстінде, болжамды 7190,0 тонна өнім жиналады.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 27 комбайн 185 дана трактор және 30 дана жүк автокөлігі қатысуда.Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 975,0 тонна дизель отыны бөлінген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны егістік жерінің көлемі, шабындық жерінің көлемі сәйкес және шаруалар сұранысына сәйкес уақытылы босатылуда. Бұл мәселе бөлім назарында және ешқандай қиындықтар жоқ.

Дәнді дақылдарды (арпа, бидай) жинау жұмыстары тамыз айының 3 декадасына (тамыз айының 20-25-не дейін) дейін ал мақсары дақылын жинау жұмыстары қыркүйек айының 1 декадасында (қыркүйек айының 10-15-не дейін), дәндік жүгері дақылдарын қыркүйек айының 3 декадасында (қыркүйек айының аяғына дейін) жинау ауа-райына байланысты болжамданып отыр. Көкеніс, картоп, бақша дақылдарын жинау тамыз айынан басталып қазан айына дейін жүргізіледі.

2019 жылы шаруалар тарапынан 888,0 тонна минералды тыңайтқыш алынып 6350,0 гектар алқап тыңайтылды. Ағымдағы жылы 900,0 тонна минералды тыңайтқыш алу жоспарланып, бүгінгі күнге 37 шаруалар 1825,3 тонна минералды тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасасып, 979,0 тонна тыңайтқыш алынып, 4450,0 гектар жер тыңайтылды. Минералды тыңайтқыш алу жоспары толығымен орындалды.

Ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару жоспары жалпы техника санының 10,0% (66 дана техника). Бүгінгі күнге 61 дана техника (орындалуы 92,4) алынды,

Сонымен қатар 98 дана трактор мал азығын (пішен) дайындауға қатысуда. Бүгінгі күнге 31310,0 гектар жер (оның ішінде 4653,0 гектар жоңышқа) шабылып 98750,0 тонна (100,8%) пішен дайындалды. Сонымен қатар, 7000,0 тонна сабан дайындалу жоспарланып, 7650,0 тонна дайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *