Сақшы болсаң, Серіктей бол!

Кешкі Тараз. Карантин. Қазыбек  би — Абай  көшелерінің қиылысы… Сағат 19.57- ден кетті. Көше тыныш . Жаяу жүруге бел байладым.  Екі адым басқаным сол еді, көліктің қарасы көрінді. Кілт тоқтап: «Әпке, келіңіз, отырыңыз» деп, жол- жөнекей тағы бір әпкені отырғызды.

Отырып, назар аударсам, полиция қызметкері екен.

-Әпке, тәртіп қатал, сәл кешіктіңіз, абайлаңыз. Мен қазір ауысымнан шығып үйіме бет алған бетім, қаншама көмек қажет ететін адамдарды көрдім, бірдеңеге ұшырап қалмасын деп ала кеткен бетім еді,- деп ескертуде .

Жанымдағы жолаушы апай екеуіміз үлгере алмағанымызды түсіндірдік . Межелі орныма келіп, ақша ұсынсам,» Қажеті жоқ» деуде…

Алғысымды білдіріп,  кете бардым …

P/s: Білесіз бе, бұл өмірде  шын адамдар   бар!

Мен сіздің қай бөлім, қай батальонда жұмыс жасайтыныңызды білмесем де, Есенғали Серік мырза — полицей болса сіздей болсын ! Бұл өмірде ең бастысы — адам болып қалу. Адамдығыңыз бен қызметіңіздің адалдығына алғыс білдіремін.

Полицей болса, сіздей болсын!

Гүлжан Байтанаева


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru