Руханият ордасы Шуақ күнін атап өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 14 наурыз — Шуақ күніне орай «Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі» кітапхана оқырмандарын ұлттық киіммен қарсы алып, мереке қарсаңында қала тұрғындарына қағаздан жасалған, мерекенің символы саналатын — бәйшешек гүлдерін тарту етті.

Көгілдір көктемнің ең бір шуақты, шырайлы мерекесі — Наурыз мерекесінде бастау алған Шуақ күні — жиналғандарды шаттыққа бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.