Таңдаулы жаңалықтар:

“Qazaqstan Jastary” ҚҚ ұйымдастыруымен “Дүйсенбілік футбол” спорттық турнирінің жабылу салтанаты өтті | Zau.kz

2021 жылы 29 қарашада «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанаты қолдауы мен “Qazaqstan Jastary” ҚҚ ұйымдастыруымен “Дүйсенбілік волейбол” спорттық турнирінің жабылу салтанаты өтті.

Спорттық турнирдің мақсаты — Базар жастар арасында дүйсенбілік волейбол турнирінің жартылай және финалдық ойындарын өткізу. Базар жастарын салауатты өмір сүруге, спорттық ойындар ойнауға дағдыландыру және Алматы қаласы бойынша жастарға жасалған мүмкіндіктер мен қалалық программалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Турнирдің қорытындысы бойынша:

І орын – «Auezov Team» Арыстан базары командасы

​​​​    II орын – «Ұстаздар» Барлық базары командасы

​​​​    III орын – «Маркет Плаза 2» Сарыарқа базары командасы иеленді.

Сонымен қатар, “Дүйсенбілік волейбол” спорттық турнирінің жабылу   салтанатында құрметті қонақ ретінде:

— Мурашев Мурат Шарипович (Әуесқой волейбол федерациясы қоғамдық қорының президенті)

— Ниязова Гулзара Амановна (Әуесқой волейбол федерациясы қоғамдық қорының үйымдастыру алқасының төрайымы)

— Тұрлан Ерболат Мұхтарұлы (Наурызбай ауданы «Nur Otan» партиясы мүшесі) қатысты.

Ойын соңында, турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен ақшалай ұтыстар, ағылшын тілі курсына сертификаттар табыс етілді.