«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS»

02/10/20201min130

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторланын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларының бірі «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы. Жобасы аясында қазіргі таңда 34 инвесторлар және кәсіпкерлермен жалпы сомасы 514 990 000 000 теңге кұрайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімге отырыды.

Аталған жоба өз бастамасын 2018 жылдың маусым айында алып, осы уақытқа дейін 23 компанияның заңды құқықтары жоба аясында қорғалды.

Негізінен бизнес өкілдерінің өздерінің кәсібін жүзеге асыру барысында жер алу мәселесі, рұқсат қағаздарына қол қойдыру кезде, соғылған объектті қолдансқа өткізу кезінде ж.т.б. проблемалармен кездеседі.

Мысалы келтіретін болсақ, машинақұрылысы және робототехника саласында өз кәсібін жүзеге асыратын «Alima DELUXE» ЖШС Жамбыл облысында тұрмыстық техника шығаратын зауыт соғуға 3.4 млрд. тенге инвестицая салуды жоспарлап, алайда жер телімін алу кезінде қиындыққа тап болған.

Облысымызда «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы жүзеге асырылып жатқанын естіген кәсіпкер Департаментке жер алу кезіндегі туындаған әкімшілік бөгеттер бойынша өтінішін білдірді.

Осы тұрғыда Департамент жоба аясында инвестрды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алып, жер телімін заңды мерзімде және ешқандай қолдан жасалатын әкімшілік бөгетсіз алуына ат салысқан болатын.

Қазіргі таңда инвестор жер телімі бойынша барлық құжаттарын рәсімдеп, Жамбыл облысыда зауыт соғуды бастауда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *