«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кезекті сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды!

05/11/20201min350

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті өңіріміздегі кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауға арналған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында жеке кәсіпкер «Е.К. Мухиев» және «Ясли-сад Анет-А» ЖШС жалпы соммасы 3.8 млрд. теңге құрайтын кезекті екі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартына отырды.

 

Қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлермен жалпы соммасы 517 млрд.теңгеден астам 36 келісімге отырды.

Айтарлығы, кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru