«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кезекті сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды!

02/09/20201min500

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті өңіріміздегі кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауға арналған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «Polychem Central Asia» ЖШС-гі (Франция) және «АйКо» ЖШС-мен (Түркия) жалпы соммасы 40 млрд. теңгеге кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шарттарына отырды.

«Polychem Central Asia» ЖШС-гі жобасының мақсаты – «Тасқайнар» кен орнында флюорит концентратын өндіретін флюорит кендерін өңдеуге арналған заманауи байыту кешенін салу болып табылады.

Ал «АйКо» ЖШС-гі жұмыс істеп тұрған кірпіш зауытынның қуаттылығын арттыра отырып, кеңейтумен айналысатын болады.

Қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлермен жалпы соммасы 504 млрд.теңгеден астам 33 келісімге отырды.

Айтарлығы, кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.