Таңдаулы жаңалықтар:

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кеңес өтті.

10/03/20211min1900

Ағымдағы жылдың 05 ақпанында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша  департаменті және «Атамекен» ӨКП бірлесіп кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау туралы «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кеңес өткізді.

Атаған кеңеске қаланың кәсіпкерлері мен жергілікті атақарушы орган өкілдері офлайн форматта қатысса, ал аудандық кәсіпкерлер селектор арқылы камтылды.

Іс шара барысында Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев жобаның мақсаты жайлы баяндап, кәсіпкерлердің инвестиция салу мәселелері қызу талқыға салынды. Кеңес барысындағы кәсіпкерлердің жер бөлу және құрылыс жұмыстары бойынша шешілмей жатқан 5 сұрағы бақылауға алынды.

Кеңес қорытыдысымен Департамент, инвестициялық құны 2,55 млдр. теңгені құрайтын «АСА DAMU» ЖШС-мен құс фабрикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісіміне отырды.