Праймериз: Жамбылда 768 үміткер бақ сынауда

Бүгін праймериздің шешуші кезеңі-дауыс беру рәсімі басталып кетті. Бұл процесс «Primaries.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асуда. Ол үшін партия мүшелерінің телефон номерлері авторизацияланғаны белгілі. Алғашқыда Жамбыл облысы бойынша праймеризге қатысуға өтініш білдірген үміткерлер саны 900 адамға жуықтаса,  қазіргі таңда нақты 767 кандидат бақ сынауда.

Кандидаттардың 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 29-ы қандастар, 8-і   мүмкіндігі шектеулі азаматтар.