Праймериз-2020: Жамбылдық жастардың белсенділігі жоғары

Өткен  аптада елімізде  партияішілік іріктеу-праймериздің басталғаны белгілі. Қазіргі таңда үміткерлерді ұсыну және тіркеу жұмыстары жүргізілуде.  Бұл тұрғыда жамбылдық жастар да белсенділік танытуда. Мысалы, шара басталған бір аптаның  ішінде аймақ бойынша праймеризге қатысуға 534  үміткер өтішін білдірсе, соның 124-і жастар.

Міне, сондай жалынды жастардың бірі- Меркі аудандық Jas Otan жастар қанатының бөлімше басшысы Шерхан Баубеков.

-Алғашқылардың қатарында  «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалына праймеризге қатысуға өтініш жазып, үміткер ретінде тіркелдім.

Праймериз — партияішілік іріктеу, үздіктерді анықтау, партияның сайлауалды тізіміне енетін депутаттардың сапалық құрамын анықтайтын саяси дода. Бұл Мәжіліске, барлық деңгейдегі Мәслихатқа білімді, халықтың қамын ойлайтын азаматтарды іріктейтін үлкен бастама екені баршаға мәлім.

Бауыржан Момышұлы атамыз «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ» деген қанатты сөзі бар. Тәуелсіз Мемлекетіміздің жастарға артар міндеті, сенімі мол. Еңселі ел болудың жолында шыңдала  түсуіміз қажет. Сөзден іске көшетін кез келді. Барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін!,-дейді Ш.Баубеков.

Жамбыл ауданындағы  жастардың да қызығушылығы жоғары.  Алғашқы күні партия аудандық филиалына праймеризге қатысуға өзін-өзі ұсыну жолымен алғашқы болып бес адам келсе, сол қатарда белсенді жас  Айдана Таушова да бар. Айдананың арманы асқақ, мақсаты биік.  Болашаққа құрған жоспары да жоқ емес.

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай құсты қанатты, мен жастарға сенемін» деп Маржан Жұмабаев жырлағандай, бүгінде ойы озық, санасы сергек жастардың қатары артып келеді. Осындай замандастардың саясатқа бет бұрып, ел дамуына үлес қосуға талпынып жатқандығы шынында да сүйсінтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *