Питер Минуит және Манхэттен аралы

Жаңа Голландияның губернаторы болған Питер Минуит 1626 жылы қазіргі Манхэттен аралын жергілікті үндістерден небары 25 — долларға сатып алған екен.

Алайда, қазіргі уақытта бұл аралдың бағасы миллиондаған доллар болғандығы түсінікті.

Бірақ, Питер Минуит 1626 жылы сол 25 — долларды жылдық 7- пайыздық мөлшерлемемен банкке депозитке салып қойғанда ол ақша бүгінгі күнге дейін 3,6 триллион болған болар еді. Ал, мұндай үлкен қаражатқа Манхэттен аралын ғана емес, бүкіл Нью- Йорк қаласын барлық ғимараттарымен қоса сатып алуға болады.

Манхэттен аралын сатып алған Питер Минуит ол жерде Жаңа Амстердам қаласын салдырды. Ол қазіргі Нью- Йорк қаласы болатын.

Жалпы, мұндай жағдайлар тарихта да көп болған. Мәселен: Патшалық Ресей осыдан екі ғасыр бұрын Альясканы АҚШ-қа сату арқылы миллиардтаған доллардан қағылған.

1867 жылы Ресей империясы Альяска түбегін бар-жоғы 7,2 миллион  долларға сатып жіберді. Ол бүгінгі күннің ақшасымен 110 миллион  доллар екен. Бұл дегеніңіз Альяска жерінің әр гектары шамамен 5 центке бағаланғандығын көрсетеді.

Ал, арада 30 жылдан астам уақыт өткенде ол жердан АҚШ ғалымдары алтынның үлкен қорын тапқан. Альясканың байлығы мұнымен шектелмейді. Өткен ғасырда түбектен табылған мұнай мен газдың қоры 180 миллиард  долларға бағаланып отыр.

Яғни, бір ғасырдан кейін Альясканың құны мың есе өсіп кетті…

Айбол ҚАРАШОВ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *