Пилоттық жобаның пайдасы мол

22/08/20201min600

2019 жылы Сарысу ауданы бойынша  «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында пилоттық ауылдық округі ретінде Байқадам ауылдық округі таңдалып алынған болатын. Жалпы округтегі аула саны — 984, ал халық саны  6035 адамды құрайды.

Осы орайда Саудакент ауылы бойынша үй іргесіндегі жерге бақша өсіру бойынша жүйелі  жұмыстар жүргізілгенін айта кету керек.  Бұл шаруалар пилоттық жобаның бірінші бағытына негізделген.

Саудакент ауылындағы ескі арықтарды тазалау, жаңадан арық жүргізу, барлығы 8 000 метр арық, лотокты жөндеу 2500 метр бойымен үй іргесіндегі жерді 984 ауланы  сумен толық қамтамасыз етеді.        Осы мақсатқа  7 097 437 тенге жергілікті бюджеттен бөлініп, тиісті жұмыстар  жүргізілді. Ауылға су әкелетін Күлтөбе каналындағы 2,5 шақырым  сенбілік арқылы тазартылды.

Жалпы ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) жоба бойынша 118 гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланады деп жоспарланған. Үй іргесіндегі 118 гектар егіске жарамды жерге жоба бойынша 72 гектарға қызанақ және қияр өсіріледі. Қалған 46 гектарға  басқа да бақша дақылдары орналастырылады.

Үй іргесіндегі жер учаскесінде қызанақ пен қиярдың себу материалдарын алуға «Саудакент 2019» кооперативіне айналым қаражатын толтыруға 760,0 мың теңге берілді.

Бүгінгі күнге жоспарланған 901 аулаға «Саудакент 2019» кооператив есебінен 20 000 қызанақ көшеті мен 20 кг қияр  ұрығы таратылып, жалпы 901 аулаға 40 гектар қызанақ, 32 гектар қияр жане қалған  46 гектар жерге басқа да  бақша өнімдері егілді.  765 аула МТЗ-892 тракторымен, 136 аула  қолмен өңделді.

​Бүгінде егілген  1 гектар қиярдан 10 тонна  өнім жиналады деп күтілуде. Қазіргі таңда  85 тонна қияр аудандық, ауылдық округтердегі орталық базарларда сатылды. Алдағы вегетациялық маусымда 18 тонна  қияр өндірілетін болады. Орта есеппен күніне 1,7 тонна қияр дайындалады. Қиярдың 1 килограмы 150 теңгеден сатылды. Ал 1 гектар қызанақтан 8 тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Жалпы 40 гектар қызанақтан  320 тн өнім жиналады деп күтілуде.

​Бүгінгі күні 110 тонна қызанақ өндіріліп, аудандық және ауылдық орталық базарға сатылуда.

Сонымен қатар, ауылдық округте екі азамат үй іргесіндегі жерге жылыжай тұрғызуға 21 млн. 200 мың теңге несие алды. Бүгінгі күнге Сармолдаев Бахытжан құрылысын аяқтап, кияр егіп өнімін жинауда. Утешов Тұрсынбай ақшасын мемлекетке кайтарды.

​II бағыт Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану. Жобаға дейін ауылдық округте  761 аулада  2130- бас мүйізді ірі қара     (аналығы – 587 бас оның ішінде сауынды сиыр – 487 бас),  705  аулада       9342 —  бас қой-ешкі (аналығы – 5144 бас). , 101 аулада 313- бас жылқы (сауынды бие – 54 бас) , 4  аулада 12- бас түйе және 448 аулада        2416- бас құс болды. 223 -аулада мал жоқ болып тіркелген.

Жобадан кейін округ бойынша мал сатып алуға жалпы мал сатып алуға 300  өтінім түсіп, берілген несие сомасы  778 311 000 мың теңгені құрады. Несие қаражатына  жоспар 899 бас МІҚ орындалуы 912 -бас мүйізді ірі қара, жоспар 747 бас орындалуы 747- бас жылқы, жоспар 2226 бас қой ешкі орындалуы  2235 -бас қой-ешкі және 750 -бас құс сатып алынды. Алынған несиеге нысаналы мақсатына сәйкес  жоспар 101% орындалды.

Пилоттық жоба бойынша алынған малдан 912 бас мүйізді ірі қараның 115 бас бұқа бордақылау. 797 Аналық бастан 398 бұзау, 747 жылқыдан 373 құлын, 2235 бас майда малдан 1117 бас төлдері алынды.

115 бас  бордақыланған бұқаның 85 басы көршілес Түркістан Облысы қарабұлақ ауылынан тірідей өздері сатып алып кетті. Қалған 30 басы ауыл және аудан көлемінде тірідей Құрбан айт және өзіндік тұтынуға сатылды.

Жалпы несие алғаннан кейін аулада мал басы 3042 бас мүйзді ірі қара, 11577 бас қой ешкі, 1060 бас жылқы, 3166 құс болды

III бағыт Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану.

Ауыл тұрғындарының қолда бар мал басы мен сатып алынған мал басына мал азығын дайындау үшін, Байқадам ауылдық округінде құрылған «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді.

Бүгінгі күнге тәліми егістік алқапта «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа егіп 195 тн өнім жинады.Бірлескен қызмет арқылы  «Мұрат» шаруашылығы мен   500 га  жаздық арпа егілді.

Оның өнімі 1 га жерден 6,5 центнерден алып, Барлығы 520 тн арпаны  Кооператив мүшелеріне  жеңілдетілген  баға мен 1 кг арпа 60 тг берілуде.

49,55 гектар көпжылдық шөптері күзде егіледі. Сонымен қатар бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102 гектар, «Жанторе» ЖШС мен 32 га суармалы егістік алқабына дәндік жүгері себілді.

Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгері, 8 га көп жылдық шөптерін екті.

Барлығы 950 га жер егістік егілді. Осы жалпы егістік егуге 15 тн тыңайтқыш,  9 тн жанар-жағар май жұмсалды. Шөпті орып, тасымалдауға  5  тн жанар – жағар май жұмсалды.  Осы жиын терінге коопертив жұмысшыларға 3 200 000 тг жалақы төленді.

Байқадам ауылдық округіне қажетті 9019 тн жем, 17 100 тн шөп қажет.   АШК мүшелеріне  арпа бағасы 60 тг, табиғи шөп 1 рулон бағасы – 5000 тг. Жалпы кооператив мүшелерінен бөлек аудан тұрғындарына  арпа бағасы 65 тг, табиғи шөп бағасы 6000 тг беріледі.

Арпаның тұқымы 1 репродукциялы ВАКУЛА.

Бүгінгі күні «Саудакент 2019» кооператив 350 рулон (140 тн) шөп бағасы 2 100 000 тг дайындалды.

Шу бойынан берілген шабындық жерде кооператив мүшлеріне қамыс шөбі орылуда бағасы 3 000 тг дайындалады.

IV бағыт Кооперативтерді жабдықтау және/немесе құру.

Кооперативтерді жабдықтау және құру бойынша пилоттық ауылдық округтен  «Саудакент 2019» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып (барлық құжаттары заңдастырылған), төрағасы халықпен келісе отырып   тағайындалған. Кооператив басшысы Айтбаев Бегайдар.

5 — адамнан құралған 901 мүшелері сайланды. Жалпы кооперативті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 20 дана техникалар мен қондырғылар 87380,0 мың теңгеге лизингке берілді. Айналым қаражаты  18 840 000 тенге  ауыл сыртындағы жерді игеруге, 760000 тенге үй іргесіндегі  жерді игеруге несие берілді. Сонымен қатар «Саудакент 2019» кооперативіне өндірістік база соғу үшін 5 га жер бөлінді. Жалпы сомасы  18 238 705 теңге  жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп құрылысы жүргізілді оның ішінде 6 763 395 тенге техника тұратын бастырма, 4 711 922 тенге жарықтандыру үшін, 6 763 388 тенге қоршау.

Түркістан ауылдық округінен 300 га арпа егіп, Бірлескен шаруа қожалық арқылы

V бағыт Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру.

Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру бойынша 1 жоба Аталған жобаларды  жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі 9 080 000  теңгеге наубайхана ашуға несие алынып ғимараты дайындалып құрал жабдықтарына тапсырыс берілді.

Жалпы Саудакент ауылына  жоба аясында 315 ауыл тұрғынына несие беру жоспарланған.  Жоба бойынша «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан 349 несие алу мақсатында құжаттар тапсырылды. Оның ішінде нақты 303 ауыл тұрғыны несиеге қол жеткізіп 46 ауыл тұрғынына «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан несие беру мақұлданбады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *