Петербордың ақ түндері

Суретте: Санкт — Петербург қаласының орталық көшелерінің бірі.

Сағат түнгі 23:00.

Қазіргі уақытта Ресейдің Санкт — Петербург қаласында ақ түндер басталатын уақыт. Яғни, мамыр айының басынан басталған ақ түндер шілдеге дейін бір айға созылады. Ақ түндер кезінде Петербордың аспаны түнімен осылай əппақ болып тұрады. Сондықтан да, Санкт — Петербург қаласын кейде ақ түндер қаласы деп атайды.

Ақ түндер кезінде Санкт — Петербургке алғаш барған кез — келген адам түніне ұйықтай алмауы мүмкін. Ал, жергілікті халық оған үйреніп кеткен. Олар, дала жарық болса да ұйықтай береді. Ақ түндерді поляр түнімен шатастыруға болмайды. Поляр түні негізінен Ресейдің Сібір аймағы мен Солтүстік полюсте тіркеледі. Ол алты айға дейін созылады. Ал, ақ түндер бір айға дейін жалғасуы мүмкін.

Ақ түндердің уақыты əр жылы əр түрлі түседі. Мұндай ақ түндер Ресейден бөлек, Финляндия, Гренландия мен Антарктидада да кездеседі. Ақ түндер мұз материгінде наурыз айының басында басталып, екі аптаға созылады. Антарктидада ақ түндердің ерте басталуы оңтүстік полюстің солтүстік полюстен 2800 метр биіктікте тұруымен байланысты.

Ақ түндер кезінде осылай Санкт — Петербургтің аспаны түнімен ағарып тұрады. Бұл біздегі ымырт жабылып келе жатқан кешкі уақыттар секілді. Алыстан қараған адамың көрінеді, бірақ кім екенін ажырата алмауың мүмкін. Ақ түндер тек, солтүстік жəне оңтүстік жарты шарда ғана болатындығының да өзіндік құпиясы бар. Сондықтан, ол тек, Солтүстік жəне оңтүстік полюске жақын маңдардағы қалаларда көрінеді.

Ақ түндерді петерборлықтар қазір бизнес көзіне айналдыруда. Жыл сайын осы уақытта ақ түндерді көруге бұл қалаға адамдар көп барады. Ақ түндер кезінде мұнда түрлі фестивальдер өткізіледі.

Жалпы, Санкт — Петербург -Ресейдің ең таза əрі көрікті қаласы. Бұл қаланың ақ түндер қаласы деп аталуынан бөлек, көпірлер мен мұражайлар қаласы деп те атайды. Себебі, бір ғана Петерборда 300 көпір бар.

Ал, Санкт — Петербургтің метросы əлемдегі ең терең метро екендігін де айта кеткен жөн. Ол 80 метр тереңдікте қазылған…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *