ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дамеш Шайхықызы Ускумбаеваның қатысуымен  пресс-конференция өтті. Баспасөз конференциясы барысында спикер «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы 21 баптан тұрады. Заң педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.

Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке айлық ақылар жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді, бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі.Тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке қосымша ақы төленеді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңын бұзу Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru