Таңдаулы жаңалықтар:

Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни, бүкіл рухани, мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық.

Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.
Екі ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп», екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар жолды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Заманының келбетін, ұлтымыздың кемшіліктерін Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай ілімінің жасампаздығы мен өнерінің өміршеңдігі осында жатса керек.
Қос ғасырды шебер тоғыстыра білген Абайдың ұлылығы – қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айрықша құбылыс.


«Адам деген даңқым бар, Адам қылмас халқым» бар деп, халқының болашағы үшін қайғырып, Абай ұлтына ой салмақ ниетпен, адамның адам болып қалуын көздеп, талай даналықты алға жайып салды.
Абай күніне орай “Парасат жолы” орталығында Абайдың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек жоғары деңгейде өтті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *