Павлодарда спектакль қойылып жатқанда театр жұмысшысы көз жұмды
Павлодарда қойылым қойылып жатқан кезде сахнаны әзірлеп, монтаждаушы жұмысшы қайтыс болды
Pavlodarnews.kz-нің хабарлауынша, А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрында сағат 18:40-та жексенбілік спектакль болып жатқан кезде ер адам өзін жайсыз сезініп, құлаған.
Көрермендерден залды босату сұралып, актерлер қойылымның екінші бөлігін орындауға сахнаға шықпады.
Драма театрының директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, 43 жастағы театр жұмысшысы тромбтың жарылуы кесірінен көз жұмған.
Жерлеу рәсімі 25 қаңтарға жоспарланған.