Таңдаулы жаңалықтар:

Партияның ықпалымен Таластағы 10 мың алқапқа тіршілік нәрі жеткізіледі

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы Талас ауданындағы ағын су мәселесінің шешімін табуымен ауылдағы ағайынның көңілінен шығып тұр. Талас ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сай жалпы ұзындығы 220 шақырым болатын суару жүйесі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп, қосымша 9,3 мың гектар алқапқа тіршілік нәрі жеткізілмек. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Талас ауданының Аққұм ауылында болған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Гүлдара Нұрымова дәл осы игілікті істер жайында сөз қозғады. Елді мекендегі «Төлебай» шаруа қожалығында өткен экспромт кездесуде кандидат партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен жергілікті жердегі ауыл шаруашылығын дамыту жайы әңгіме өзегіне айналды.

– «Nur Otan» партиясы үшін алтын бесік саналатын ауылдың ондағы шаруа ағайынның жағдайын жасауды ең негізгі басымдықтардың бірі санайды. Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты тетіктерін қарастыра отырып,  ауыл тұрғындарының табысын арттыруға назар аударылған. Биыл партияның ықпалымен Ойық пен Аққұм ауылдарында 2 ауылдық өндірістік кооператив құрылады. Жаңа агроқұрылымдарда жергілікті жерде өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың 12 пайызына тұрақты жұмыс орындары ұсынылмақ. Сонымен қатар  2023 жылдға дейін «ҚазСуШар» кәсіпорнының теңгеріміндегі  220 шақырымды құрайтын 41 суару жүйесін «Азия Даму Банкі» арқылы күрделі және ағымдағы жөндеуден өтпек. Құны 3 миллиард 300 миллион теңгені құрайтын жобаның нәтижесінде Ақкөл, Аққұм, Бостандық, С.Шәкіров, Кеңес, Үшарал ауылдарында  9,3 мың гектар суармалы жер қайта қалпына келеді, – деді Гүлдара Алданышқызы.

Кездесу қатысушылары кандидат сөз еткен мәселелердің оңтайлы шешілуін жергілікті тұрғындар ұзақ уақыт күткеніне назар аударып, ондағы «Nur Otan» партиясының рөліне жоғары баға берді.

«Nur Otan»  партиясының Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.