Партиядан пана іздеп келгендердің өтініші ескерусіз қалмайды

 

Бүгінде  «Nur Otan» партиясының пәрменімен  тұрғындардың түйткілді мәселерінің түйіні тарқатылып, қоғамдық қабылдауларға қайырылған қара халықтың өтініш-тілектері қанағаттандырылуда.  Бұны бұқараның өзі байыппен барлап, жетекші партияның жұмысын бас бармақпен бағалауда.  Ал партия Төра­ғасының бірінші орынбасары Бауыржан  Байбектің Жамбыл облысына келген жұмыс сапарында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерін шешу тапсырмасы да тиянақты орындалып, ағайынның алғысы айтылуда.

Мәселен партия Төрағасының бірінші орынбасары Жуалы ауданында болғанында жұртшылық  мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығына иппотерапия қызметін ұсыну үшін пони жылқысын алуға ықпал етуді сұраған болатын. Осыған орай ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні партия Жамбыл облыстық филиалынан құрылған жұмыс тобы  мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығына иппотерапия қызметін ұсыну жолын зерделеген-ді.  Нәтижесінде понилар Қарағанды қаласынан демеушілер есебінен  алдырылды.  Дәл қазір понилар мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында қызмет көрсетуде.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары тапсырған   өзге де мә­селелер оң шешімін тапты. Атап айтсақ, Жуалы ауданының тұрғыны  А. Ахмедбекова жеке кәсібін кеңейту үшін аудандық әкімшілігінен берілген 1,2 гектар жолды жөндеп беруге көмектесуді өтінген. Жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жарияланып, мердігер «L-ВИТА ТЕМП СТРОЙ» жеңімпаз деп танылды. Жал­пы сомасы 11 мил­лион теңгеге,  ұзындығы 1 шақырым  жол жөндеуден өтіп, 1 шілде күні тапсырылды.

Сондай-ақ берілген тапсыр­малардың бірі Жамбыл және Алатау көшелерінің қиылысында орналасқан «Білімді ұрпақ»  оқу орталығының маңайына абаттандыру жұмыстарын жүргізу болатын. Бұл жұмыс та жүйесін тауып, абаттандыру жұмыстарын GT ASYL TIREK серіктестігі 6,6 миллион теңгеге жүргізді. Қазіргі таңда  оқу орталығының алдына брусчатка төселіп, автотұрақ салу үшін тиісті конкурстық шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесінде «Ғапар» ЖШС мердігер болып анықталып, келісімшарт жасалды. Жобаның жалпы құны 4,5 миллион теңге болса,  мұндағы құрылыс  1 маусымда басталып, шілде айының 1-і күні  аяқталды.

Тағы бір айта кетерлігі ағымдағы жылдың 1 қазанында партияның Жамбыл облыстық филиалына Жамбыл ауданы  Жалпақтөбе ауылының тұрғыны Рашида  Нуровадан жазбаша өтініш түскен.

Өтініште «Ана мен баланы аялау орталығында» медбике болып қызмет ететін Рашида  2020 жылдың 17 наурызынан бастап  аталған орталық карантиндік стационар ретінде жұмыс жасағанын, ал  15 маусымнан  ол жерде коронавируске шалдыққан науқастар жатып емделгенін, сондай-ақ, 30 тамыз күні науқастарды емдеп жүріп  өзінен талдаулар барысында аталған дерт анықталғанын баяндаған. Бірақ, сол уақыттан бері коронавирус ауруына шалдыққан Рашида  денсаулық сақтау қызметкерлеріне тағайындалатын 2 миллион  теңгені ала алмай  әуре-сарсаңға түскен.  Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына жазған өтініші де қараусыз қалған. Тек 2 қазан күні партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі тарапынан басқармаға хат жолданып, тұрғын өтінішін  заң аясында қарау  талап етілгеннен кейін барып,  басқарма тарапынан комиссия құрылып, өтініш иесі Р.Нуроваға 15 қазан күні аталған қаражат аударылды.

Міне, осылайша партиядан пана іздеп келгендердің  өтініштері ескерусіз қалмай, партия Жамбыл облыстық филиалы атарапынан игі істер істелуде. Бұл сөз жоқ «Nur Otan» партиясына деген бұқараның сенімін еселеп арттыратыны анық.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді