Таңдаулы жаңалықтар:

«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты.

Конференция жұмысын Еңбекші аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Реметов ашып жүргізді.
Жиын барысында Еңбекші аудандық партия филиалының төрағалығына «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен партия мүшесі, аудан әкімі Досбол Есілбек сайланды.
«Nur Otan» партиясының Жарғысына сәйкес, Еңбекші аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа құрам сайланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *