Парасатты жастар-ел ертеңі

28/05/20201min2220

Жамбыл облыстық білім басқармасының үйлестіруімен «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп колледж студенттері арасында брэйн ринг интеллектуалды ойынын ұйымдастырды.
«Парасатты жастар – ел ертеңі!» тақырыбында өткен сайыста үш колледжден құралған 3 команда бақтарын сынады. Онлайн байқау бес турдан тұрды. Бірінші кезеңге қатысушылар команда атауы мен ұранын таныстырса, II турда тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. III турда командалар берілген ұяшықтардағы тұлғаның кім екенін тауып, өмірі мен жетістігі туралы сипаттама беруі қажет болды.
Ал ІV турда берілген сөзтіркесінен жаңа сөздер құрастырса, соңғы V турда әр команда берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндірді. Интеллектуалды сайыс нәтижесінде “Абай” атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Ғибрат» командасы үздік деп танылса, Жамбыл медициналық жоғары колледжінің «Антанта» командасы және Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің «Сұңқар» командасы Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *