Таңдаулы жаңалықтар:

“ПАРАСАТ ЖОЛЫ” — ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛЫ

01/04/20211min800

Жұмысшы топ әрмен қарай Жамбыл облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлының қабылдауында болды. Қабылдауда «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Парасат жолы» жобасының мақсаттарын айқындаса, облыс әкімі аталмыш жобаның халыққа тиімді насихаттық бастама ретінде Агенттіктің жұмысы өңір тұрғындары арасында сәтті жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Әсіресе «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі, ақпараттық – насихаттық штаб жұмысы, арнайы мониторинг тобының зерделеу жұмыстарының оң нәтижелігі мен белсенділігін де атап өтті.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева өңірде атқарылып жатқан ішкі талдау жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам белсенділерінің ролі туралы айтып, оларды бірқатар жұмыстарға тартуды ұсынды.
Жергілікті орындаушы органдарды 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның сапалы орындалуын қамтамасыз етуі айтылды