«Ozinnen BASTA» тақырыбында онлайн конференция өтті

27/02/20211min520

25.02.2021 күні М.Ф. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында Ted-X форматында «Ozinnen BASTA» тақырыбында #4 конференция өтті.
Конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент өкілдері, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, «Саналы ұрпақ» фронт-офис мүшерелі, азаматтық қоғам өкілдері, белсенді студенттер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Конференцияның алғашқы спикері облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы, «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі – Нұрақбаев Ринат Даниярұлы «Жауапкершілік – ардың ісі» тақырыбында ой қозғап, жастарға жол көрсетер үлгі-өнеге сөздерді айтып өтті.
Екінші болып сөйлеген спикер «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы, Тараз қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрайымы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы «Өзгенің ала жібін аттама» тақырыбында жастарды адалдыққа, әділдікке шақырып, қоғамда өзге азаматтардың аманатына қиянат жасамау керектігін, ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аудару керектігіне кеңінен тоқталып өтті.
Үшінші спикер Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры – Таутен Айбек Қанатұлы жастарды зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстауға, жалған айтпауға және досқа адал болуға шақырды.
Соңғы сөйлеген спикер М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Jas Otan» JQ бөлімше жетекшісі – Мамыш Даурен Дастанұлы студенттерді білім алу барысында академиялық тазалықты сақтауға, жемқорлық әрекеттерден бойды аулақ ұстауға және білім алу барысында ата-ана артқан үмітті ақтап, таңдаған мамандықты жетік меңгеріп, қоғамның дамуына үлес қосуға шақырды.
Конференцияны https://www.facebook.com/watch/?v=872456896872091  сілтемесі арқылы көруге болады.