Таңдаулы жаңалықтар:

Өзбек драма театрында 19-шы маусымның ашылуы

Шымкент қалалық өзбек драма театрында 10,11 қыркүйек күндері 19-шы маусымның ашылуына арналған Ш.Исахонованың «Тановор» арт этно-фольклор қойылымы жоспарланған.

Қоғам екі түрлі элементтен тұрады: материалдық және рухани. Сондықтан әлемнің өркендеуі үшін үйлесімді дамыған қоғам құруда адам факторы өте маңызды. Шаходат Исаханованың «Тановор» шығармасы осы тақырыпқа арналған. Оқиға қыз-келіншектердің тігіншіге келіп, әңгіме дүкен құруынан басталады.

Қойылымда адамзаттың әлемдік мәдениетке ұмтылу процесі күшейіп, өз ұлттық мәдениетінен алыстап бара жатқан бір уақытта ұлттық дәстүрлерді, тағдыр, дін, адалдық және әділеттілік сияқты адами қасиеттерді үлгі етеді. Жақсылық пен жамандық, тәкаппарлық пен кішіпейілділік, адалдықтың таразысында біздің батыл, қарапайым және мейірімді замандастарымыздың бай рухани әлемі біздің көз алдымызда бейнеленген. Қойылымда ялла, лапар, жар-жар өлеңдері шырқалады.

Қоюшы режиссері – Сайфиддин Мелиев (Өзбекстан)
Қоюшы суретші – Сарвар Мирзаев (Өзбекстан)

Театрға кіру Ashyq платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Театрда көріскенше!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *