Таңдаулы жаңалықтар:

«ӨЗ СТАТУСЫҢДЫ БІЛ» НАУҚАНЫ ӨТТІ - Zau.kz

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Өз статусыңды біл!» науқаны өтті.

Науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында Жастар орталығының қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.