Оспанәлі Иманәлиев

04/10/20181min4210

1927 жылы 21 желтоқсанда Талас ауданы Ойық ауылында туған. 1948 жылы Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын бітірген. Мамандығы бойынша 1948-1958 жылдары Талас ауданының  ауылшаруашылығы саласында зоотехник болып еңбек жолын бастаған. Талас ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып жемісті еңбек еткен.

1963 жылы  ҚазМУ-дің филология факультетін тәмамдап, Социалистік Қазақстан (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жұмыс жасаған. «Ара» журналының бөлім басшысы болып еңбек еткен. Өлең өлкесінде, проза саласы мен сатира жанрында да өзіндік қолтаңбасы бар. 1960 жылы «Тұңғыш кітап» атты алғашқы жинағы жарық көрген. Сонымен қатар «Байқадам», «Отан ұлы», «Ылғалсыз көктем», «Ақ қайың жарды бүршігін», «Май-мамыр», «Сәуір», «Қызыл жалау»,  «Тайға міндім»,  «Бұйрық пен сыйлық», «Безбүйрек»,  «Соқырішек», «Егізбүйрек» , «Сыңар кебіс», «Жаннат жер»  секілді бірнеше кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасына ие болған. 1997 жылы дүниеден өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru