Таңдаулы жаңалықтар:

ОРМАНШЫ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ САЯБАҚ АШЫЛДЫ - Zau.kz

Қаратау ауданына қарасты А-1 тас жолыны бойында орналасқан Орманшы елдімекенінде М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес қоқыс қалдықтарын тастайтын полигон орнына жаңа саябақ ашылды.

Ашылу рәсіміне Қаратау ауданы әкімі орынбасары А.Парманов, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Д.Балганов және Қаратау ауданының ардагерлері қатысты.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан құрылысы жүргізіліп, мердігер мекеме “Кен Тау” ЖШС тарапынан 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқтады. Қоқыс полигоны 10 ай ішінде қала тұрғындарына арналған жайлы көрікті орынға айналды.

Саябақтың жалпы ауданы 4,48 га құрайды. Онда балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары орналасқан. Сонымен қатар, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары және әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.

Айта кетейік, саябаққа тұрғындар тарапынан “Алатау” деп атау беру ұсынылды.