Таңдаулы жаңалықтар:

ОРАЗКҮЛ АСАНҒАЗИЕВА ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Белгілі қайраткер, руханият жанашыры, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында экс-депутат, қайраткер қазақ қызы Отанды сүю, Ана тіліміздің мәселесі және отбасы құндылығы, қазақ жігіті мен қызының тәрбиесі, ұлттық намыс пен болмыс хақында өзекжарды ойларын ортаға салып, сауалдарға жауап берді.
Осындай нағыз қазақ үшін еңбек етіп келе жаткан азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың насихатын естіп, осындай жалынды кездесулерден нәр алу – рухани жаңғыру барысында ұрпақтан ұрпаққа берер аманат екендігі сөзсіз.
Кездесу соңында аудан әкімі Досбол Есілбек Оразкүл Асанғазықызына жүрекжарды лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.