Таңдаулы жаңалықтар:

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А», «Ә» сынып оқушылары ата-аналардың рұқсатымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып, қаламыздағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» мен «Тарихи-өлкетану» мұражайына ДТІЖО А.А.Ибрагимовамен бірге мектеп мұғалімдері саяхаттап барды.

Оқушылар мұражайдағы құнды жәдігерлер және тарихи мұралармен танысып, тәуелсіздік жетістіктері туралы да көптеген мәліметтер алды. Орталықтың ұлттық салт-дәстүр залында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, көшпелі өмір салтын, табиғатпен үйлесімдігін, жалпы дүниетанымын бейнелейтін әдемі безендірілген әрбір көздің жауын алатын заттарды көріп, қазақтың бай мәдени мұрасынан сусындап келді. Ал, достық залында еліміздегі көптеген ұлттардың салт-дәстүрімен танысты.
Оқушыларымыз еліміздің тарихы, ұлттық дәстүрімен танысып, білім көкжиегін кеңейтті