Облыстық сыбайлас жемқорлықққа қарсы қызмет жанында бастау алған тиімді жобалар

29/04/20201min420

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытына әртүрлі мақсатты топтар арасында 2700 аса іс-шаралар өткізіліп, оған 77 мыңға жуық адам қатысқандығын хабардар етті.
Бүгінгі күнде еліміздің барлық өңірлерінде карантин жариялануына байланысты Департамент өзінің жұмысын онлайн форматқа көшіріп, «Антикор Live» жобасын іске қосты. Жоба аясында департамент қызметкерлері халықты мазалайтын көптеген сұрақтарға әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, кері байланыс орнатып отыр.
Сонымен қатар, Агенттік тапсырмасы негізінде құрылған жобалар облыс аумағында тиімді жүзеге асырылып жемқорлықтың алдын алуда өз септігін тигізуде. Мысалы, «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» және «Бизнес және инвестицияны қорғау» жобалары атап өтуге болады.
Өткен жылы елімізде «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» енгізілді (www.publicbudget.kz). Бұл интернет ресурс – мемлекеттік мекемелердің бюджеттерінің орындалуы туралы ақпаратты орналастыру, осыған қоса азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу алаңы болып табылады. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімдеріне бағынысты 900 мекеме өз бюджеттерін енгізіп, жариялады.
Онымен қоса «бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобасы жүзеге асырылуда. Облыста жергілікті және шетелдік инвесторлармен бірге 372 млрд. жуық теңгені құрайтын 30 келісімге қол қойылды. Жобаны іске асыру уақытында 21 өтініш түскен. Бүгінгі күні біз инвесторлардың тізімін өзектеудеміз және өз тарапымыздан бизнес-жобаларды әрі қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу тәжірибесін жалғастыруға дайындығы хабарлады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru