Облыс әкімі алдында «Жамбыл-адалдық алаңы» карантин кезіндегі жұмысы туралы есеп берілді

29/04/20201min430

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында төтенше жағдай енгізілген мезетте Тараз қаласының темір жол вокзалында қабылданған шараларды зерделенді, анықталған кемшіліктер бойынша Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және «Қазақстан темір жол» облыстық филиалына ұсыныстар енгізілген.
Облыс аумағында карантин жариялағандығын ескере отырып, Тараз қаласы кіреберістерінде 37 (7 Тараз қаласында) карантиндік бекеттердегі жағдайды және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың баға өсіміне жол бермеу мақсатында күнделікті қоғамдық мониторинг жүргізілуде.
Атап айтқанда, мониторинг барысында карантиндік бекеттерде бірқатар мәселелер анықтаған болатын. Демек, карантиндік бекеттер толық қажетті жағдайлармен жабдықталмағандығы, көліктерді тексеру кадрларының аздығы, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, үстіндегі киілген міндетті киімдердің сай еместігі және тағы сол сияқтылар мәселелер толығымен қолға алынды.
Сонымен қатар, «Жамбыл – адалдық алаңы» және арнайы мониторингтік топ өкілдерімен бірлесіп Тараз қаласында орналасқан дәріханаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Қазіргі таңда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 4 материал жолданды. Оның біреуі қаралып, облыстағы үлкен дәріхана қызметкеріне 92,7 мың теңге айыппұл салынды. 3 материал қаралу үстінде.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru