Таңдаулы жаңалықтар:

НҰРТАСТА СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ | Zau.kz

Шымкент қаласындағы Нұртас шағынауданын инфрақұрылыммен қамту үшін құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде.
Биыл шағынауданға жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын су құбырының құрылысы толығымен аяқталды.
Бүгінде құбырларды жуып-шаю және дезинфекциялау жұмысы жүріп, су есептегіш құралдары орнатылуда. Жоспар бойынша нұртастықтарға желтоқсан айында су беріледі.
Ал ауданды сапалы электр қуатымен қамту жұмысы осы жылдың қазан айында басталды. Бүгінге дейін 300-ге жуық электр бағаналары орнатылған. Құрылыстың қалған бөлігі 2022 жылға өтпелі болғандықтан, шағынауданға мемлекеттік жүйедегі жарық келер жылы беріледі.
Нұртасты табиғи газбен қамту үшін мердігер мекеме анықталды. Құбыр тарту жұмысы «Энергоресурс» ЖШС тарапынан 2022 жылдың көктем айларында басталады.
Сонымен қатар, шағынаудандағы Гүлдала мен Ақбота көшелеріне көше жарықшамдары орнатылған. Жыл соңына дейін Зере көшесі де жарықтандырылатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *