Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров

Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы туылған, білімі жоғары, 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығы механизациялау институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.

1999-2008 жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, 2008-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жетекші маман, бас маман, 2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары,                 2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы, 2015-2016 «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының  партиялық бақылау қызметінің басшысы, 2016 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі  Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «15» ақпандағы №40-Ж/Қ өкімімен Алдамжаров Нұрлан Жанұзақұлы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru