Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев

 

Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев 1976 жылы туылған, білімі жоғары, 1998 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК экономикасы және менеджмент», 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

1988-2000 жылдары «Шарбиев К.Ш.» шаруа қожалығының бас экономисі, 2000-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент  директоры, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ың басқарушы директоры, «СХП Мерей» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

2018 жылдың 4 мамырындағы №5 Директорлар Кеңесінің шешімімен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына Шәрбиев Нұркен Қожамұратұлы тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru