Мырзахметов Елбасыға қандай жақындығы бар екенін айтып берді

 

2000 мың градус пеште шойын балқытып шыныққан Нұрсұлтан Назарбаев қызметтегі кедергілерді де сол төзімділікпен еңсере білді. Президентпен жақын араласқан замандастары жастармен кездесіп, оларға Елбасының өмірін үлгі етті.

Аймақтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Жас Отан» жастар сессиясын ұйымдастырды. Мақсат-отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру. Кездесу барысында жас буын тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Президенттің рөлін, еңбек жолы тыңдап, болашаққа қойған мақсаттарын талқылады.

Рақымжан қария Елбасымен алпыс жылдан бері таныс. 1958 жылы Украинаға Қазақстаннан 60 бозбала оқуға барған. Сол жігіттер арасынан алғыр Нұрсұлтан бірден көзге түсіп, «топ басы» сайланыпты. Екі жыл оқып, елге қайтқан студенттер Теміртауда кездескен. «Онда да Назарбаев басқаратын бригада үздіктер қатарынан көрінетін»-деді ақсақал.

Жастармен кездескен Президент замандасы 20 жастағы Нұрсұлтан шойын шоғының шарпуына қалай шыдаса, қызмет қиындықтарына да солай төзе білгенін жастарға үлгі етті.

-Нұрсұлтан староста. Нұрсұлтан өте тапқыр, өте білгіш. Сол жастан-ақ белгілі болатын бәрімізге, адамгершілігі өте мықты адам. Менің құрдасым, мен де қырқыншы жылғымын. «Құрдастың Құдайы бір» дейді ғой,-деді Елбасының құрдасы Рақымжан Мырзахметов.

 Дереккөз: https://astanatv.kz/kz/news/44935/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *