Мың тағзым саған, майдангер!

Ер етігімен қан кешкен, ат ауыздығымен су ішкен сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлерді қалай ардақтасақ та артықтық етпейді.

Бүгінгі Жеңіс күнінде де аудан әкімі бастап, барлық басшылар ардагерлерге сый-сияпат көрсетті.

Осындай шара «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен де жалғасын тапты.

Аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев аудандағы 3 соғыс ардагерінің үйлеріне барып, қал-ахуалдарын сұрап, мерекелік сыйлықтар тарту етті.

Марапат қағаздарымен сыйлықтар алған ардагерлер қатарында тыл ардагері Айшакүл Самұратова апамызда бар.

Барлық тыл ардагерлері қашанда құттықтаулар мен сыйдан кенде қалған емес.

Аудан көлемінде мерекелік марапаттаулар жалғасып, ардагерлер ақ баталарын беріп жатты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *