Мұқасан: Қазір Нұрлан екеуміз мүлде араласпаймыз

“Нұр-Мұқасан” тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев Нұрлан Қонысбавпен араласпайтынын айтты.

“Нұрланмен, шынын айтайын, қазір араласпаймыз. Хабарласып, жөн-сұрасып тұрмаймыз. Бірақ кездескен жерде сәлеміміз түзу, құшақ жая амандасып жатамыз. Өкінішке қарай, бұл өмір, сондықтан осындай жағдайда жүрміз”, – дейді Мұқасан “Түнгі студия” бағдарламасында.

Әнші Нұрланмен қалай танысқанын айтып өтті.

“Шымкенттегі әл-Фараби атындағы мәденет өнер институтына оқуға түстім. Ол кезде әпкемнің үйінде тұрам. Басқалар жатақханада тұрады. Емтихан тапсыратын кезде, жатақханадағылар бір топ болып отырады. Мен бір өзім әдеміленіп киініп алып жалғыз жүрем. Бір күні домбырамды шертіп отырсам, құлағы қалқиған бір жігіт келіп тұр алдымда. Өзі арық, құлағы дәу. Сол жерде таныстық. Жатақханада тұрады екен. Сол күні жатақханадан әпкемнің үйіне көшіріп алдым. Әпкем мен жездем қарсы болған жоқ. Достығымыз солай басталған еді”, – деп еске алды әнші.

Дереккөз: Stan.kz