Модрич 2018 жылдың ең үздік футболшысы атанды

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттады,-деп хабарласты www.24.kz vesti.kz сайтына  сілтеме жасап.

Ерлер арасында «The Best» сыйлығына хорват Лука Модрич ие болды.

Хорватия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Мұхаммед Салахты (Ливерпуль) басып озды.

«France Football» журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым «Алтын доп» иегерін өздері анықтаса, ФИФА «The best» сыйлығын табыстауды қолға алған еді.

Биыл «The Best» сыйлығы үшінші рет табысталды. ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Айта кетейік, Лука Модрич 2018 жылы «Реалмен» бірге Чемпиондар лигасында топ жарды. Хорватия ұлттық құрамасымен әлем чемпионатының финалында бақ сынады. УЕФА таңдауы бойынша да жылдың үздік футболшысы атанды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *