«Мир» жасанды аралдары туралы не білеміз?

Ғаламдық жылыну қазіргі деңгейде сақталған күйдің өзінде Дубай қаласындағы алты құрлықтан тұратын «Мир» жасанды аралдарының 800 жылдан кейін су астына кететіндігі анықталыпты.

Себебі, Парсы шығанағында соңғы жүз жылда судың деңгейі 12 сантиметрге көтерілген. Ал, су деңгейі алдағы уақытта бір ғасырда 12 ден 50 сантиметрге  көтерілген жағдайдың өзінде ол жүздеген жылдарды қажет етеді.

«Мир» жасанды аралдары түгелімен судың ортасында тұрғандықтан, бастапқыда оны алушылар арасында аралдың суға кету немесе кетпеу қаупі жөнінде айтылған еді.

Бұл əлемдегі 303 жасанды аралдан тұратын ғаламат жоба. Адамзат осы уақытқа дейін мұндай ірі жобаны жүзеге асырып көрген жоқ. Бұл Дубайдың негізін қалаушы Мұхаммед Ибн Рашид Əл- Мактумның идеясы бойынша салынған. Жобаның құны 2 миллиард доллар. Жасанды аралды жасауға жағалаудағы құмдар емес, теңіз астындағы құмдар мен тастар алынған. Бұл жұмысты одан ары қиындатты.

«Мир» жасанды аралдары Дубай жағажайларынан 4 шақырым жердегі теңіздің ортасында тұр. Ол алғашында алты құрлық болып бүтіндей салынбақшы болған. Алайда, шейх кез келген инвестор бұл жерден өз елін алсын деп, жасанды аралды майда- майда бөліктерге бөлді. Яғни, ендігі жерде əркім өз елі орналасқан жердегі аралды сатып ала алады.

Қолдан жасалған жасанды аралды салуға миллиондаған тонна тас пен құм жұмсалған. Оның бағасы да арзан емес. Əр аралдың құны 15 миллион доллардан 38 миллион долларға дейін барады. Осыған қарамастан бүгінде оның 90 пайызы сатылып кеткен. Атақты сатып алушылар арасында ағылшын миллиардері Ричард Брэнсон да бар. Ол Англия аралын түгелімен сатып алған.

Белгілі актриса Анджелина Джоли Эфиопия аралын сатып алса, Том Круз АҚШ — тың бір штатын сатып алды. Ал, Дубайдың қожайыны шейх Əль — Мактум Антарктида аралын түгелімен атақты Михайл Шумахерге сыйға тартқан. Бұл аралдың құны 7 миллион  доллар болатын. Жасанды аралдарға паром арқылы жағадан 20 минутта баруға болады. Тікұшақпен қатынайтындарға да мүмкіндік бар.

«Мир» жасанды аралдарында үлкен жағажайлар мен жоғарғы деңгейдегі қонақүйлерді салу үшін əлемнің ең атақты компаниялары жұмыс істеп жатыр. Бұл көлемі 55 шаршы шақырымды құрайтын əлемегі ең үлкен жоба.

Жасанды аралдағы Ресейдің Сібір жəне Қиыр шығыс аралдарын түгелімен сатып алған ресейлік азаматша туралы ақпарат бар. Ал, ондағы Қазақстан аралын кім сатып алғандығы жөнінде əзірге мəлімет жоқ…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru