Таңдаулы жаңалықтар:

Мерзімді әскерге шақырудың міндеттері туралы кеңес өтті - Zau.kz

Жамбыл облысының әкімдігінде 2022 жылдың көктемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындылары және күзгі шақырудың міндеттері туралы кеңес өткізілді.

Кеңес Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары – облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н.С.Календеровтың басшылығымен өткізілді.

Көктемгі шақырылымның қорытындысы бойынша Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник  Н.К. Зейнелов баяндама жасады.

Медициналық және шақыру комиссияларының жұмысындағы кемшіліктерге, әскерге шақырылатын жастардың әскери-патриоттық тәрбиесінің жай-күйі, мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бөлігіндегі жұмысы назар аударды.

Кеңеске қатысушыларға ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімдеріне командаларды шақыруды және жөнелтуді бастау туралы жеткізді. Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының ақпараты бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2022 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Осы кезеңде әскерге шақыру жасындағы азаматтар шақыру қағазында көрсетілген мерзімде және уақытта шақыру пункттеріне келуге тиіс. Азаматтарды құлақтандыру шақыру қағаздары бойынша да, электрондық СМС – хабарламалар бойынша да жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *