Меркідегі мерейлі мезет (Фоторепортаж)

Меркіде Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні сән салтанатпен аталып өтті.

Аудан әкімі Мейірхан Азатұлы барша меркіліктерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік –экономикалық өсуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткені үшін бес азаматты «Ауданның Құрметті азаматы» медалімен наградтады.

Әнші, сазгер, музыкатанушы, Меркі жерінің тумасы Бәбіжанова Бағланға ауданның «Құрметті азаматы», меркілік әнші Оңал Азаматоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді.

Кешке арнайы шақырумен келген ақын Маралтай Райымбекұлы Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, көптің қошеметіне бөленді.

Шарада мерекелік концерт тарту етіліп, өнерпаздар патриоттық әндермен халыққа көңіл сыйлады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *