Мен батырдың ұрпағымын

Мен, Райымбек Таңатбекұлы Бейсенбеков Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай орта мектебінің 9 сынып оқушысымын.

Отты жылдары сұрапыл соғысқа  қатысып, ерлікпен қаза тапқан Мәдібек Сайрамбаевтың шөбереден туған шөпшегімін. Менің арғы атам Мәдібек Сайрамбаев Жамбыл облысы, Ақтоғай ауылында 1904 жылы дүниеге келген. Соғысқа аттанбай тұрып, егін шаруашылығымен айналысып, «Ақтоғай» колхозында жұмыс атқарған. 1941 жылы соғыс басталғанда Талас ауданынан армия қатарына алынып,  қан майданға аттанған. Ең алғаш 454-ші атқыштар полкінде, кейіннен 100-ші атқыштар дивизиясына қосылып, жауға қарсы тойтарыс берген. Екі рет жараланып, госпитальға түскен.  Екінші мәрте Тамбовтың госпиталіне  жатқызылғанда неміс әскері тұтқиылдан шабуыл жасап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмған. Алайда, сол кездері атамыздан қаралы қағаз келмеген. Іздестірілу барысында Мәдібек Сайрамбаевтың денесі 2012 жылы Ресей мемлекеті, Тамбов облысы, Тамбов қаласындағы «Братская могила №13» қорымынан табылған. Еліміз бейбітшілік заманда бақытты да, баянды ғұмыр кешіп, енді ешқашан соғыс болмаса екен деп тілеймін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *