Меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Zau.kz» ақпарат агенттігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум тараптардың қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы және парасаттылық мәдениеттерін қалыптастыруға бағытталған бірлескен шаралар ұйымдастыру арқылы әрекет ету мақсатында жасалды.

Өз кезегінде департамент басшысы Әділхан Әшірбаев Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор екенін айтып, бірлесе атқарудың тиімділігін тілге тиек етті.

«Zau.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков бұқаралық ақпарат құралының екі жылдан бері үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру бағытындағы материалдар топтамасы алдағы уақытта тұрақты түрде жарияланып тұратындығын жеткізді.

Бірлескен келісімнің нәтижесінде ақпарат агенттігінде «Жамбыл адалдық алаңы» айдары ашылатын болады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru