Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы CISCO компаниясымен бірге мемлекеттік қызметтерді қашықтықта онлайн тәртіпте ұсыну жобасын жасады. Енді 20 мемлекеттік қызметті видеобайланыс арқылы алуға болады,-деп хабарлайды Zau.kz ақпарат агенттігі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желілік технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтерді алуға өтінім жасауға мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы бірқатар ақпараттық анықтамаларға – мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдері, тіркелген құқықтар, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтінім беріп, мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында – Сығанақ көшесі, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлімінде, «Қазпошта» цифрлық бөлімдерінде, Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйінде іске қосылды. Жуырда Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігінде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *