Мемлекеттік корпорация қызметкерлері донор болды

 

«Өмір сүруге  үміт сыйла!» – осындай атаумен «Азаматтарға арналған үкімет» МК Жамбыл облысы  бойынша филиал қызметкерлерінің  қатысуымен 2019 жылдың  12-13  ақпанында  Жамбыл облыстық қан тапсыру орталығында   қан донорлығы акциясын өткізді. Ниет еткен филиал мамандары  барлығы ақысыз қан тапсырып, облыстық қан құю орталығының банкін толтырды.

Акцияға  60 қа жуық  қызметкерлер мен  филиал басшылары   қатысты.

«Халыққа қызмет көрсетумен қатар, осындай қайырымды іске өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Біз көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бере алатынымыз үшін шын қуаныштымыз», — деп филиал директорының орынбасары Зейнел-Нәби Сұлтанбаев атап өтті.

Қан өткізетін бөлменің алдында әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық анықтау жасалады. Содан кейін заралы жақтарының анық-қанығын білу үшін дәрігердің қабылдауында болады. Медициналық іріктеуден сәтті өткен әр адамнан 450 мл көлемінде қан алынады.

Филиалдың  және оған бағынысты қалалық және аудандық бөлімдердің  қызметкерлері  салауатты өмір салты мен донорлықты насихаттау жөніндегі іс-шараларға үнемі қатысатынын айта кеткен жөн.

 «Азаматтарға арналған үкімет»

МК Жамбыл облысы  бойынша

баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *