Мемлекеттен берілген жерлерді он есе бағада саудалап жатқандар кімдер?

05/06/20201min1470

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы талқыланды.
Мониторинг нәтижесінде жер қатынастар саласында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.
Мониторинг барысында, әкімдік қаулысына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтарылуы тиіс жер учаскелерінің кейінрек сатылып кету фактісі де орын алған.
Атап айтатын болсақ, Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы наурыз айындағы қаулысымен «Т» ЖШС тиесілі Әл-Фараби көшесі бойындағы, жалпы көлемі 1,7440 га жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жататын, алайда ол жер учаскесі 2018 жылы «Т» ЖШС жеке тұлғаға сатып жібереді.
Мониторинг барысында әлеуметтік желілер зерделеніп, Тараз қаласы тұрғынының «Фейсбук» парақшасында қаланың мөлтек аудандарының бірінде орналасқан балалар футбол алаңының сатылып жатқандығы жөнінде ақпарат жарияланғандығы белгілі болды.
Осы факті бойынша тиісті ақпараттар сұратылып келесідей жәйттер анықталды:
Аталған футбол алаңы қаланың 2 -ші мөлтек ауданындағы 10 және 11 тұрғын үйлердің маңында орналасқан және ол 2017 жылдың 27 желтоқсанында «Балалардың спорттық алаңшасы» құрылысы үшін арналған жер учаскесі ретінде аукцион арқылы сатылған.
Алғашында балалар спорттық алаңшасының құрылысы үшін жалға алынған жер учаскесі 1 жылдың ішінде жеке меншікке шығару жолдары тауып жеке меншікке шығарылған.
Бүгінгі күні ол коммерциялық сауда объектісіне айналып 31 000 000 теңгеге сатылымға қойылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *