Мектептерде педагогикалық кеңес өтті

Өткен аптада онлайн түрінде аудан мектептерінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтарды хабардар ету мақсатында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске аудандағы 27 мектептен 1009 мұғалім қамтылды.
Онда жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары, қашықтан оқыту, мұғалімнің жұмыс орны және ережелері, техникалық дайындық және жұмыс орны, қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі, педагог имиджі және этикетті сақтау, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері, баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керектігі туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, қосымша білім беру ресурсы ретінде қазақ тілінде «Балапан», орыс тілінде «ЕлАрна» телеарналарында теле сабақтар ұсынылатындығы жөнінде айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *